«Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
Құжаттар https://hr.nobd.edu.kz/ платформасына электронды форматта тапсырылуы тиіс.Өтініштер жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
1. Преподаватель организатор НВП (c 21.08.2026 по 31.08.2026г)
Лауазымдық міндеттері:
- білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
- оқу кабинетінің жабдықталуы мен жарақтандырылуына қойылатын талаптарды сақтайды;
- тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.
Кәсіби құзыреттерін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «Педагог»:
- білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы тиіс;
- білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етуі тиіс;
- білім беру ұйымы деңгейінде өткізілетін іс-шараларға қатысуы тиіс;
- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруы тиіс;
- кәсіби-педагогикалық диалог жүргізу дағдыларын меңгеруі тиіс;
- цифрлық білім беру ресурстарын қолдануы тиіс.
Жалақы: 200 000 - 300 000 тг.
23. География мұғалімі – 1 ставка. (c 20.08.2026 по 28.08.2026г)
Лауазымдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- оқушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттерін анықтауға және дамытуға ықпал етеді.
Талаптар:
тиісті сала бойынша жоғары және/немесе/ жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті саладағы өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат.
«Педагог-модератордан» төмен емес біліктілік санатының болуы немесе ПББ тапсырғаны туралы сертификаттың болуы (еңбек өтілі жоқ үміткерлер үшін). Жалақы: 200 000 - 300 000 тг.