17.04.2023 ж Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала береді. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалардың себебі-ата-аналардың, ересек туыстардың жауапсыз қарым-қатынасы."Қауіпсіз терезелер" республикалық ақпараттық науқанының тұжырымдамасы шеңберінде "Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталықтың ата-аналарымен және тәрбиеленушілерімен ата-аналар жиналысы өткізілді, оның барысында ата-аналарға "Баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады" жадынамалары таратылды, балаларға арналған тренинг өткізілді.
23.05.2023 ж "Кеңес Одағының батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында әдіскер А.Қ.Абишеваның жетекшілігімен «Озат тәрбиеші» байқауы өткізілді, оның барысында мұғалімдерге психология, педагогика, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік- құқықтық базасын білу, логикалық тапсырмалар, педагогикалық жағдаяттар бойынша сұрақтар қойылды. Білім беру қызметкерлерінің арасынан келесі облыстық байқауға қатысуға үміткер іріктелді. Іске сәт.
11.10.2023 ж «Кеңес Одағының Батыры – Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталықтың меңгерушісі, тәрбиеленушілерге тәтті лер түрінде қайырымдылық іс-шара жасады.
12.12.2023 ж «Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталықта тәрбиеленушілерге тамақ тарату үшін аспазшылар мен тәрбиешілердің көмекшілеріне жұмыс істеу үшін білім бөлімі 122 мың 339 теңге сомасына ыдыс-аяқ сатып алды.
19.01.2024 “Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі” КММ жанындағы шағын орталығындағы “Айналайын” тобының тәрбиешісі Қоспанова Ш.Қ “Үй жануарлары және олардың іздері “ тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.Міндеті жануарлармен таныстыру, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
«Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы #1 Явленка орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталығының педагог- психологы тәрбиеленушілермен түрлі- түсті макарон ойынын өткізді. Түрлі-түсті макаронмен ойнау- қолдың ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі. Кіші және орта жастағы балалардың шығармашылығы мен психоэмоционалды жағдайын үйлестіреді.
"Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі" КММ жанындағы шағын орталықтың меңгерушісі Әбішева А. К. кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы аға лейтенант Жанобаева Ж. Д., педагог-психолог Тоқтабаева Д. А. қызметкерлермен және тәрбиеленушілермен кәмелетке толмаған балалар арасында физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шара өткізді.
12.04.2024 «Кеңес Одағының Батыры Тимофей Позолотин атындағы Есіл ауданы №1 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталықта Спорт күніне орай дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы С.Б Токтамысов екі команда арасында спорттық іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Балаларда мұндай жарыстар жарыстық рухты көтереді, спортқа деген қызығушылықты оятады, ұжым болып әрекет ете білуге, қиындықтарды жеңуге бастамашылдық пен дербестік танытады.