«Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ бос лауазымдарға конкурс жариялайды.


Image
Image
«Кеңес Одағының Батыры Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ бос лауазымдарға конкурс жариялайды.
Құжаттар электронды форматта мектептің Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды мекенжайына немесе қағаз түрінде мектептің қабылдау бөлмесіне тапсырылуы мүмкін.
Өтініштер жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Қизатов көшесі 80. Телефон: 87154322034

1. Мектепке дейінгі білім беру әдіскері – 0,5 ставка
Лауазымдық міндеттері:
• білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды жасайды;
• оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; оқу-әдістемелік құжаттаманы, оқу құралдарын әзірлеуді, қарауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
• балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады;
• жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;
• инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді
Біліктілік талаптары:
• тиiстi сала бойынша жұмыс өтiлiне немесе өзге де кәсiптiк бiлiмiне қойылатын талаптарсыз немесе тиiстi салада педагогикалық қайта даярлаудан немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмнен өткенiн растайтын құжатсыз тиiстi сала бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi;
• мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде – кемінде 3 жыл, ауылдық жерде – кемінде 1 жыл.
Жалақы: 100000-150000 теңге
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 ставка
Лауазымдық міндеттері:
• оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
• тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
• аға тәлімгердің, ұзартылған топ жетекшілерінің, сынып жетекшілерінің, тәрбие психологтарының, әлеуметтік қызметкерлер мен қосымша білім беру педагогтарының қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-ағарту іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
• білім беру процесінің мазмұны мен жүзеге асырылу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; педагог кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтардың біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырад.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) тиісті саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат,
педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес; және (немесе) бiлiм беру ұйымының "үшiншi бiлiктiлiк санаты бойынша басшының орынбасары" немесе "екiншi бiлiктiлiк санаты бойынша басшының орынбасары" немесе "бiрiншi бiлiктiлiк санаты бойынша басшының орынбасары" бiлiктiлiк санатының болуы;немесе «мұғалім – сарапшы» немесе «мұғалім – зерттеуші» немесе «мұғалім – магистр» біліктілігі.
Жалақысы: 200 000-250 000 тг
3. Әлеуметтік педагог – 1 ставка.
Лауазымдық міндеттері:
• тұлғаның психологиялық, медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроортасын зерттейді,өмір сүру жағдайларын, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемаларын, конфликттік жағдайларды, оқушылардың, тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға дер кезінде әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді;
• әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу жолдарын айқындайды, жеке оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек көрсету шараларын қолданады;
Біліктілікке қойылатын талаптар:
• жоғары педагогикалық білім немесе «Әлеуметтік педагог» мамандығы бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат,жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптарсыз;
• және (немесе) тұлғаның біліктілігі жоғары деңгейде, әлеуметтік қызметкер лауазымындағы жұмыс өтілі болған жағдайда: педагог- модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшыүшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл.
Жалақысы: 100 000-150 000 теңге.

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Явленка ауылы,

Қизатов көшесі, 80.

Тел.: 8(7154)321193 

Пошта: yavlenka_sh1@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2025 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx