Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімі бастамасымен №1 Явленка орта мектебінде дінаралық және ұлтаралық келісім, отбасылық құндылықтарды сақтау, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.


9–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісіп, жаттықтырушылармен мазмұнды диалог жүргізді.

Әңгіме барысында оқушыларға пайдалы ақпарат қамтылған жадынамалар таратылды. Спикердің айтуынша балалар диалогта белсенді көрсетті, сондықтан оларға мотивациялық сыйлықтар ұсыеылды.

Мұндай кездесулер жастардың қоғамда сыйластық, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруына, бейбітшілік пен келісімге ұмтылуына ықпал етеді.