20 қаңтар күні «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушылары Есіл аудандық сотына экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты – оқу


20 қаңтар күні «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Кеңес Одағының Батыры
Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушылары Есіл аудандық сотына экскурсия жасады. Экскурсияның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін дамыту және заң талаптарын саналы түрде сақтауға тәрбиелеу болды.
Экскурсия барысында оқушылар соттың қызметімен, оның құрылымымен және сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі қағидаларымен танысты. Оқушыларға судьялардың, сот отырысының хатшыларының және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы айтылып, азаматтық және қылмыстық істерді қарау
тәртібі түсіндірілді.
Сот мәжілісі залына бару оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар сот процесінің атмосферасын сезініп, заңның, тәртіптің және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін түсінді.
Image
Image

Байланыстар

Мекен-жайы: СҚО, Есіл ауданы, Явленка ауылы,

Қизатов көшесі, 80.

Тел.: 8(7154)321193 

Пошта: yavlenka_sh1@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2026 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx