2026 жылғы 2 ақпанда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу тәртібі бойынша Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің 10–11-сынып оқушылары Есіл ауданы, Явленка ауылының Мәде
2026 жылғы 2 ақпанда кәсіби бағдар беру жұмысы аясында, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу тәртібі бойынша Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің 10–11-сынып оқушылары Есіл ауданы, Явленка ауылының Мәдениет үйі ғимаратында кездесу өтті.
Кездесу барысында ішкі істер органдарында қызмет етудің және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алудың беделін арттыру мақсатында полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының басшылығы сөз сөйледі, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, департаменттің вокалдық тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар жедел әрекет ету арнайы жасағы қызметкерлерінің көрсетілімдік қойылымы, қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы, арнайы бөлімшелердің қару-жарағы, жауынгерлік жабдықтары, қызметтік автокөліктері мен арнайы техникалары таныстырылды.




