13 ақпанда «Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10–11 сынып оқушылары «Адал Азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айының «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбына орай
13 ақпанда «Кеңес Одағының Батыры
Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10–11 сынып оқушылары «Адал Азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айының «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбына орай ұйымдастырылған «Суды үнемде — болашақты сақта» атты эко-сағатқа қатысты.
Іс-шара онлайн форматта Microsoft Teams платформасында өтіп, оған Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы қатысты.
Кездесу барысында суды ұтымды пайдалану, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру және стратегиялық маңызы бар табиғи ресурс — суды сақтауда жастардың рөлі мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ климаттық өзгерістер мен елдің тұрақты дамуы жағдайында су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

