Ұстаз- ұлағатты есім
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей білімді де, білгір шәкірт тәрбиелеу. Мұғалім әрбір оқушыны білім-ғылым нәрімен сусындатады, мейірім-шапағатқа, ақыл-парасатқа, еңбекке, небір тамаша қасиеттерді бойына сіңіре біледі. Ғұмырының жартысынан көп уақытын ұстаздық жолға арнаған ардақты ұстаздарымыздың бірі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахиева Замира Кайыпқызы. Замира Каиыпқызы білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім.
З.Қ.Рахиева 10 қыркүйек 1962 жылы Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Жылға ауылында дүниеге келген.
1979 - жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтында оқып, 1984жылы ағылшын тілі мен неміс тілі мамандығы бойынша диплом алып, Солтүстік өңіріне келін атанып,осында Оседлый орта мектебінде неміс тілі мамандығы бойынша еңбек жолын бастайды.
2003-2006 жылдар аралағында Явленка №1 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқарады.
2006 жылдан 17 жыл жұмыс өтіліммен Кеңес Одағының Батыры Тимофей Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің директоры болып жұмысқа тағайындалды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Рахиева Замира Қайыпқызының мақалалары мен әдістемелік құралдары, көмекші құралдары, жинақтары облыстық, республикалық, халықаралық басылымдардан жарық көрген.
Мемлекеттік наградалары
- 2020 жыл – «Ы.Алтынсарин» белгісі;
– 2020 жыл – «Білімді ел» Республикалық оқу қоғамдық-саяси газетінің мәліметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мұғалімдеріне арналған Құрмет тақтасы.
-2023 жыл «Еңбек ардагері» орденімен мараппатталды.
Замира Каипқызы Куанышбай Баяхметұлымен шаңырақ көтеріп, Мақсат пен Мереке есімді ұл-қыз тәрбиелеп, қазіргі уақытта немерелер қызығына бөленіп отырған үлгілі отбасы.
Әлемді, жерді жап-жарық етіп отыратын екі нәрсе бар. Үйде ана, түзде де ана, ұстаз. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді, дегендей мереке қарсаңында Замира Қайыпқызын шын жүректен төл мерекесімен құттықтаймыз! Әріптесімізге толағай, шығармашылық табыс, тілейміз!