Бүгін, 2024 жылдың 6 сәуірінде ел Президенті су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында адамдардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басымдықта екенін атап өтті.
Бүгін, 2024 жылдың 6 сәуірінде ел Президенті су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жасады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында адамдардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басымдықта екенін атап өтті. Мемлекет барлық ресурстарды жұмылдырып, су тасқынының зардаптарын жою үшін барлық шараларды қабылдауда. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына қаржылай көмек көрсетіледі, барлық шығындар өлшемге сәйкес қалпына келтіріледі және өтеледі.
Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Ал қазір біз үшін қоғамның бірлігі мен ынтымағын сақтау бұрынғыдан да маңызды.